Конкурсқа қатысуға 334 үміткерден құжаттар келіп түсті, оның ішінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін 170 үміткер конкурстық іріктеуге жіберілді. Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылдың 23 маусымында Кеңес отырысында шығарылды.
«Кассациялық соттардың судьялары лауазымына: азаматтық істер бойынша 126 адам қатысты, оның ішінде 37 үміткер ұсынылды. Қылмыстық істер бойынша 67 адам қатысты, оның 20-сы ұсынылды. Әкімшілік істер бойынша 78 адам қатысты - 18 үміткер ұсынылды», – деді Ерлан Айтжанов.
Спикердің мәліметінше, конкурс қорытындысы бойынша 75 үміткер ұсынылды. Оның тоғызы облыстық соттарда басшылық лауазымдарды атқарды. Міндетті жоғары заң білімінен бөлек, үш үміткер заң ғылымдарының кандидаты, ал жетеуі заң ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие. Гендерлік арақатынаста 49 судья (65 %) – әйелдер, 26 (35 %) – ерлер. Судьялар корпусындағы әйелдер санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Ұсынылған кандидаттардың құрамы еліміздің барлық өңірін қамтиды, бұл кассациялық соттар судьяларының құрамында кең аймақтық өкілдікті қамтамасыз етеді.
«Ұсынылған судьялардың орташа жасы – 52, судьялардың орташа өтілі 20 жылды, оның ішінде апелляциялық сатыда – 10 жылды құрады. Осылайша, мұқият және ашық іріктеу шеңберінде жаңа кассациялық соттарға бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда үлкен жұмыс өтілі бар неғұрлым тәжірибелі судьялар тағайындалды», – деп хабарлады Ерлан Айтжанов.