Қазіргі уақытта ЖИ негіздері бойынша курстан 390 мыңнан астам студент өтті, ал 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алды.
«Сонымен қатар біздің студенттер чат-боттарды белсенді түрде жасауда: 119 жасанды интеллект агенті әзірленіп, тестіленіп жатыр, тағы жүздегені дайындалу үстінде. Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін әлемдік сарапшылар мен профессорлар тартылады. Бүгінде жасанды интеллект курстары барлық университеттерде міндетті пәнге айналды. 93 жоғары оқу орны өз бағдарламаларын бейімдеді, ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашты», – деді вице-министр.
Нәтижесінде Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын жаппай даярлау басталды. Бұл еліміздің АҚШ, Қытай және Финляндия сияқты ЖИ-ні кеңінен енгізген алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуына жол ашады. Бұл қадамдар қазақстандық білім беру жүйесін нығайтып, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және шетелдік студенттер санын арттыруға мүмкіндік береді.