Еңбегімен елге үлгі азамат

Еңбегімен елге үлгі азамат

Нарманов Мейірбек Арынұлы – темір-бетон цехының басшысы, өндіріс саласында 47 жылдық еңбек өтілі бар, өз ісінің шебері. Жоғары кәсіби біліктілігі мен мамандығына деген адалдығының нәтижесінде әріптестері арасында зор құрмет пен беделге ие.
Еңбек жолын 1979 жылы «Чимкент резина-асбест комбинатында» (қазіргі «Чимкентшина») каландр цехының мастері қызметінен бастаған. Өзінің табандылығы мен жоғары іскерлік қабілетінің арқасында өндірістің түрлі сатыларында қызмет атқарып, 6-разрядты слесарь, газ жабдықтарының слесары, аға мастер, цех бастығының орынбасары, учаске бастығы секілді жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды.
1997–2006 жылдар аралығында «Қайнар» акционерлік қоғамында ауысым бастығы, ал 2006–2013 жылдары «Төлебай май» ЖШС-де цех бастығы қызметін атқарды. Әр салада кәсіби қолтаңбасын қалдырған Нарманов Мейрбек Арынович 2013 жылдан бері «Корпорация «Береке А» ЖШС-нің темір-бетон бұйымдары (ЖБИ) цехының басшысы лауазымын атқарып келеді.
Жоғары ұйымдастырушылық қабілеті, әріптестеріне деген сыйластығы, талапшылдығы мен жауапкершілігі – оның өндірістегі табысының негізі. Ұжым ішінде үлкен беделге ие. Ол тек білікті басшы ғана емес, сонымен қатар жас мамандарға бағыт-бағдар көрсететін тәжірибелі тәлімгер ретінде де танымал.
Мейірбек Арынұлы – еңбегімен елге үлгі болатын өндіріс ардагері. Оның «Корпорация «Береке А» ЖШС-нің дамуына қосқан елеулі еңбегі мен кәсіби үлесі ерекше құрметке лайық.
Нарманов Мейірбек Арынұлы – өз саласына терең бойлаған, техникалық үдерістерді толық меңгерген, кәсіби шеберлігімен дараланған өндіріс майталманы. Темір-бетон бұйымдарын өндіру – жоғары дәлдікті, технологиялық тәртіпті және үздіксіз бақылауды талап ететін сала. Осы күрделі жүйені тиімді басқару, өнімнің сапасын арттыру және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Мейірбек Арынұлының күнделікті атқарып жүрген жұмысының бір бөлшегі ғана.
Ол жетекшілік етіп отырған цехта жыл сайын ондаған мың шаршы метр темір-бетон өнімдері дайындалып, түрлі құрылыс нысандарына жөнелтіледі. Заманауи құрылғыларды тиімді пайдалану, өндірістік қуаттылықты барынша арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату – цех басшысының жүйелі ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесі. Сонымен қатар, ол әр қызметкердің кәсіби дамуына жағдай жасап, технологиялық тәртіпті сақтауына үлкен мән береді.
Мейірбек Арынұлының тәжірибесі – тек жұмыс процесін ұйымдастырумен шектелмейді. Ол жаңа жобаларды енгізу, өндірісті автоматтандыру, сапаны бақылау жүйелерін жетілдіру бойынша да нақты ұсыныстар жасап, басшылық тарапынан жоғары бағаланып келеді.
Мейірбек Арынұлының еңбек жолы – жастар үшін өнеге. Оның табандылығы, жауапкершілігі мен іскерлігі – отандық өндіріс саласының өркендеуіне қосылған сүбелі үлес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...