Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының бірлестігі Отбасылық құндылық және гендерлік саясат әлеуметтік жобасы аясында қаламыздың бірқатар жас отбасыларының, белсенді көпбалалы аналардың қатысуымен семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz
Семинар-тренингке заң ғылымдарының PhD докторы, заңгер Е.Бекбосынов, Shymkent adaldyk alany жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қаламыздың ардагер ұстазы Ф.Тілеубердиева, Шымкент қаласының әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшы орынбасары Г.Жаханқызы арнайы лекциялар оқып қатысушылармен пікір алмасты.