Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жүргізілуде. Үкімет қаулысымен Ақмола...

Аким Ауэзовского района Алматы Абзал Егембердиев сообщил о масштабных проектах в социальной сфере, которые реализуются в районе. «Развитие качественной...