Президенттің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне қатысты

Президенттің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Саммитке Әзербайжан, Түркия, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері, Пәкістан Премьер-министрі, Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары, Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары – Түрікменстан Сыртқы істер министрі қатысты. Сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, олардың арасында ОТЅ (Түркі мемлекеттерінің ұйымы), CICA (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес), TRACECA (Еуропа – Кавказ – Азия көлік дәлізі), БҰҰ, UNESCAP (БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) және тағы басқалары бар.

Отырыс барысында ЭЫҰ–ға қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Көлік және логистика, энергетика, климаттық қауіпсіздік, цифрлық трансформация және тағы басқа салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды.

Саммит жұмысы аясында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Абдул Гани Барадармен екіжақты кездесуі өтті. Онда сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, аграрлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз «Тургунди-Герат» теміржолының құрылысына инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.

«Ауғанстан - Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көпір. Трансауған темір жолының құрылысы бүкіл өңірдің дамуына ықпал ететін болады. ҚР Үкіметі осы жобаны іске асыру ниетін растайды, жақында тараптар арасында тиісті меморандумға қол қойылады», — деп атап өтті Премьер-министр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...