Бұрын нотариустар атқарушылық жазбаны қағаз түрінде беріп келген. Оны алу үшін нотариусқа жеке жүгіну керек болды және құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және атқарушылық жазбаның қағаз нұсқасын алу қажет болған. Тек содан кейін ғана сот орындаушысына ұсынылатын.
«Қазіргі уақытта нотариаттық қызметтерді цифрландыру шеңберінде атқарушылық жазба электрондық форматта ресімделеді және мұндай құжатта нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы болады, яғни қағаздағыдай заңды күші бар. Нотариаттық жазбаларды орындаудың цифрлық жобасы ашықтықты, барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жеке кабинет құрылды. Ол арқылы борышкердің хабарлама және қарсылық жолдауға мүмкіндігі бар. Негізделген қарсылықтар болған кезде нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюға міндетті. Яғни дауласушы тараптардың бірі өндірілуге тиіс сомамен келіспеуі мүмкін, бұл жағдайда іс даулы деп танылады да қайта қаралады», – деді спикер.
Бұл жоба азаматтар тарапынан оң баға алуда. Осы жылдың 31 наурызынан бастап 32 мыңнан астам атқарушылық жазбаның күші жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудегі және теріс пайдалануды жоюдағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл процедураны цифрландыру жүйелік тәуекелдерді жоюға ғана емес, сонымен қатар жүйенің өзін әділ, ашық және процестің барлық қатысушысының құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.