«EduCampShym» жазғы лагері – болашаққа бағыт беретін алаң

«EduCampShym» жазғы лагері – болашаққа бағыт беретін алаң

Шымкент қаласында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, оларды еңбекке баулу және кәсіби бағдар беру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде ерекше маңызға ие бастамалардың бірі – «EduCampShym» оқу лагері. Бұл жоба оқушыларға тек теориялық білім ғана емес, нақты еңбек нарығымен танысуға мүмкіндік беретін тиімді алаң ретінде танылып отыр.

Бағдарлама аясында оқушылар түрлі мамандықтардың ішкі мазмұны, заманауи талаптары мен болашақтағы сұранысы туралы жан-жақты мағлұмат алады. Оқу лагері жоғары оқу орындарының базасында ұйымдастырылып, оқушылар кәсіби бағыттағы арнайы тәжірибелік сабақтарға, зертханалық жұмыстарға, тренингтер мен шеберлік сағаттарына қатысады. Сонымен бірге, оқушылар өз жобаларын жасап, оларды қорғау арқылы шығармашылық қабілеттерін де дамытады.

Мәселен, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ұйымдастырылған іс-шаралар барысында оқушылар мектеп қабырғасында кездесе бермейтін арнайы құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, зертханалық тәжірибелерге қатысты. Мұндай сабақтар оқушы үшін тың серпіліс, жаңа тәжірибе. Қатысушылардың бірі, №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Салтанат Шамшидиннің айтуынша, бұл жоба арқылы ол өзіне ұнайтын саланы нақтылап, болашақ жоспарына сеніммен қарай бастады.

Сондай-ақ, оқушылар командалық жобалар жасап, өз идеяларын жүзеге асыруға машықтанып жатыр. Бұл – көшбасшылық қабілетті дамытуға, коммуникация дағдыларын жетілдіруге үлкен әсер етеді. Мұғалімдер мен тренерлер де оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар береді.

«EduCampShym» секілді жобалар Шымкент қаласында адами капиталды дамыту, еңбек адамының бейнесін қалыптастыру және жас буынды ерте жастан кәсіби бағытқа бейімдеу жолында маңызды рөл атқаруда. Жазғы демалыс кезеңін тиімді өткізуді ғана емес, келешек өмірге сенімді қадам жасауды көздейтін бұл бастама қаладағы әлеуметтік-демографиялық дамудың бір көрінісі деуге болады. Жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын осындай жобалар – ел ертеңіне салынған берік негіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...