Адал еңбек – абыройдың бастауы

Адал еңбек – абыройдың бастауы

Ел ішінде қарапайым көрінгенімен, абырой биігінен көрініп жүрген азаматтар бар. Солардың бірі — Ашықбаев Бағдат Серікұлы. Еңбегімен еленіп, тіршіліктің тынысын жанымен сезініп, адал маңдай терімен елге үлгі болып жүрген жан.

Бағдат Серікұлы 1987 жылдың алтын күзінде, 28 қазанда дүниеге келген. Тумысынан еңбекке етене жақын азамат бүгінде 16 жылдық тәжірибесімен мақтана алады. Соңғы жарты жыл ішінде ол Абай қаласының коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жерлеу орындарын күтіп ұстау бөлімінің жұмысшы шебері болып еңбек етуде. Бұл қызметтің мәнін біреу білсе, біреу біле бермес. Алайда ол үшін бұл — жай ғана жұмыс емес, бұл – азаматтық борыш, адами жауапкершілік.

Жерлеу орындарын таза әрі ұқыпты ұстау – тек техникалық міндет емес, ол – рухани мәдениеттің бір бөлігі. Бағдат ағамыз бұл қызметті аса байыппен, шынайы жауапкершілікпен атқарып жүр. Күнделікті еңбегінің нәтижесінде зираттар аумағы таза, тәртіпті және талапқа сай күйде сақталады. Бұл – оның тынымсыз еңбегінің жемісі.

Бағдат Серікұлы – қолынан іс келетін, жауапкершілігі мол жан. Қандай тапсырма берілсе де, шынайы ықыласпен, дәлдікпен және ұқыптылықпен орындайды. Оның еңбегін ұжым да, басшылық та жоғары бағалайды. Әріптестері оны адалдықтың, еңбекқорлықтың үлгісі ретінде сипаттайды.

Жұмыс барысында кездесетін қиындықтарға қарамастан, Бағдат ағамыз өз ісін аса ыждағаттылықпен атқарады. Техникалық жағдайды бақылау, аумақты санитарлық талаптарға сай ұстау, қажетті құрал-жабдықтарды уақтылы ретке келтіру – бәрі де оның күнделікті міндеттері. Ол әрбір жұмысты жауапкершілікпен қабылдайды.

Қазіргі қоғамда мұндай жанның еңбегі жиі назардан тыс қалып жатады. Бірақ дәл осы секілді азаматтардың қажырлы еңбегі тыныштық пен тәртіптің, тазалық пен мәдениеттіліктің негізі болып саналады. Оның жұмысындағы тәртіпке, тиянақтылыққа, адалдыққа деген көзқарасы – кейінгі жастарға үлгі.

Бағдат Серікұлы үшін бұл мамандық – жай ғана күнкөріс емес, халыққа, қоғамға қызмет етудің бір жолы. Оның кәсіби ұстанымы – қандай жағдай болмасын, жұмысты адал әрі сапалы атқару. Осы қасиеттері арқылы ол өз ортасында үлкен құрметке ие болды.

Қарапайым еңбекпен-ақ үлкен өнеге көрсетіп жүрген осындай азаматтар – қоғамның негізін қалаушылар. Олар туралы жазу – құрмет, оларды дәріптеу – парыз. Еңбегімен елді ұйытып жүрген Бағдат ағамыздай тұлғалар көп болғай!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...

Инвестициялық жобалар – жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі әрі халықты жұмыспен қамтудың драйвері. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін...