Шымкенттегі әдет- ғұрып және салт-дәстүр орталығына қошқар мүйізді текемет салынды

Шымкенттегі әдет- ғұрып және салт-дәстүр орталығына қошқар мүйізді текемет салынды

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы алаңына оюлы текемет салынды. Жәй емес, қошқар мүйізді текемет. Ынтымағы жарасқан ұжымның еңбегі деуге болады. Қазақ дәстүрімізді дәріптеп, ұлттығымызды ұлықтап жүрген орталықтың тың идеясы.

Оюлы текеметті сырлы түрлі-түсіт бояумен безендірген. Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайларға түрлі ұлттық ойындарды, яғни орталық іс-шараларын осы текемет үстіне ұйымдастырылатын болады.

Қошқар мүйіз өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар – отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты, бейбітшілікті білдіреді. Қошқар мүйіз – қошқардың мүйізі тәріздес ою.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан аумағы бойынша жалғыз орталық, яғни «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент шаһарында орналасқан. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылып және де ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, Оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы қарастырылған.

Мұндағы негізгі ұстаным –Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясын, «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру болып табылады.

Сіздерді орталық алаңына текеметті тамашалауға шақырамыз, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...