Отандық су саласы мамандары Қытай елінде біліктілігін арттыруда

Отандық су саласы мамандары Қытай елінде біліктілігін арттыруда
2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған орай, Су ресурстары және ирригация министрлігімен салалық жоспар әзірленді. Аталған жоспарда жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен мамандардың біліктілігін арттыру сияқты шаралар қамтылған. Өткен жылы «Қазсушар» РМК 500 маманы арнайы орталықтарда курстардан өтті. Биыл СРИМ тарапынан аталған көрсеткішті 1000 маманға жеткізуді көздеп отыр. Бұл бағытта басты қадамдардың бірі ол халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпованың ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ