Түркістан - субұрқақтар қаласы

Түркістан - субұрқақтар қаласы

Түркістан қаласы саябақтар мен субұрқақтардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.

Қазіргі таңда қала аумағында 100-ге жуық субұрқақ іске қосылып тұр. Әрбір субұрқақ өзіндік бірегей дизайнмен және стильмен ерекшеленеді. Олардың қатарында ұлттық нақышта жасалған үлгілер де, заманауи архитектуралық шешімдермен безендірілген туындылар да бар.

Қаламыздың сәнін кіргізіп тұрған субұрқақтарды қала қонақтары мен тұрғындары сағат 10:00-ден кешкі 23:00-ге дейін тамашалай алады. Кешкі уақытта түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген субұрқақтар су шоуына айналып, ерекше атмосфера сыйлайды.

Субұрқақтар арқылы Түркістан тек тарихи-рухани ғана емес, сонымен қатар заманауи және жайлы қала ретінде қалыптасып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

29 шілде күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Airbus-тың Еуропа аймағындағы президенті Жоан Пелисьемен кездесу өткізді, деп хабарлайды ...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденін алу зор мәртебе екенін атап өтіп,...