Алматыда кадр даярлаудың жаңа моделі қалыптасуда

Алматыда кадр даярлаудың жаңа моделі қалыптасуда

Алматы қаласында еңбек нарығының шынайы сұранысына сай келетін кадр даярлау жүйесі қалыптасуда. Қазіргі заманғы экономикалық және технологиялық өзгерістерге бейімделу үшін жаңа тәсілдер қажет. Бұл ретте дуальді оқыту, қайта даярлау курстары және бизнестің белсенді қатысуы кадр саясатының негізгі бағытына айналды.

Бүгінде Алматыда кадр тапшылығы ең алдымен құрылыс, көлік, IT, өндіріс, сауда және қызмет көрсету салаларында байқалады. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еңбекке қабілетті халықтың 64,4% Алматыда еңбек күшінің құрамында болса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрайды. Сонымен бірге, жұмыс берушілер тарапынан сауда (17%), білім (13,4%) және өнеркәсіп (12,5%) салаларында білікті мамандарға сұраныс жоғары.

Осы сұранысқа жауап ретінде Алматы қаласының колледждерінде кадр даярлау жүйесі қайта құрылымдалуда. 2024–2025 оқу жылында 51 колледж дуальді оқыту жүйесін енгізіп, 17 500 студент (мемлекеттік тапсырыс алғандардың 38%-ы) кәсіпорындарда тәжірибе жинақтауда. Бұл студенттер 71 түрлі мамандық бойынша білім алып, 695 кәсіпорында тәжірибеден өтуде. Дуальді оқыту жүйесі теория мен практиканы біріктіру арқылы түлектердің бірден еңбекке араласуына мүмкіндік береді.

Былтыр Алматы колледждерін 23 429 түлек аяқтады, оның ішінде 12 161 түлек мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған. Осы түлектердің 73%-ы, яғни 17 020 адам, оқуын аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасты. Бұл – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің еңбек нарығымен тиімді байланыста екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Сонымен қатар, қайта даярлау мен қысқа мерзімді курстар арқылы жаңа мамандық игеріп жатқан азаматтардың саны да артуда. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыда 6 500 адам қайта даярлау курсынан өтті. Бұл азаматтардың көбі қызмет көрсету, логистика, өндіріс және техникалық салаларға бағытталған.

 

Кадр даярлау ісіне бизнестің қатысуы ерекше маңызға ие. Қаладағы кәсіпорындар мен колледждер арасында 695 келісім жасалып, студенттер нақты жұмыс орнында тәжірибеден өтуде. Бұл екіжақты тиімді жүйе: бір жағынан кәсіпорын өзіне қажетті маманды алдын ала тәрбиелесе, екінші жағынан студенттер нақты дағдыларды үйреніп, жұмысқа дайын маман болып қалыптасады.

Алматыда жұмыспен қамту және кадр саясаты аясында 2025 жылы 87 226 жаңа жұмыс орны ашу көзделуде, оның 73 293-і – тұрақты. Бұл жоспарланған орындар білім, денсаулық сақтау, құрылыс және қызмет көрсету сияқты салаларды қамтиды. Сонымен қатар, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары арқылы да жастарды еңбекке тарту жұмыстары жалғасуда.

2026 жылға қарай Алматыда дуальді оқыту үлесін кемінде 60%-ға жеткізу жоспарда тұр. Сонымен қатар, кадр даярлау саясаты цифрлық технологиялар, жасыл экономика және техникалық-инженерлік бағыттарға басымдық бермек. Техникалық және кәсіптік білім беру саласына 2025 жылы республика бойынша 153 мың грант бөлінетін болса, оның 70%-ы дәл осы бағыттарға тиесілі.

Алматыда кадр даярлау жүйесі түбегейлі өзгеріп келеді. Еңбек нарығының нақты сұранысына бағытталған бұл жүйе – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін басты факторлардың бірі. Бүгінгі жастар мен жұмыссыз азаматтар білім алып қана қоймай, нақты кәсіпке ие болып, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда. Бұл – болашаққа салынған сенімді инвестиция.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы қаласында «Таза Қазақстан» науқаны жалғасуда, оның аясында қала тұрғындарының жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Алматы қалалық...

ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%. Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын...

Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі...

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың, энергетика министрі Ерлан...

Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің аграрлық секторға су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларының...