Қаратау ауданында газ жүйелері қауіпсіздігі қадағалануда

Қаратау ауданында газ жүйелері қауіпсіздігі қадағалануда

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Тұран шағынауданындағы «Кәусар» тұрғын үй кешені көп қабатты үйлерінің ішкі және сыртқы газ жүйелері Каратау ауданы әкімі аппараты тарапынан құрылған жұмысшы топпен зерделенді.

Жұмысшы топқа Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, «Shymkent» ӘКК, «КазТрансГаз» АҚ өңірлік филиалы және мердігер мекемелер қатысты.

Зерделеу барысында ішкі газ жүйелерінің ақаулары анықталып, акт түзілді. Кемшіліктерді реттеу бойынша мердігер мекемеге тапсырма берілді.

Айта кетейік, Тұран шағынауданы «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 12 көп қабатты үй, 880 пәтер бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...