Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады

Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады

Түркия, Анкара қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа YDA Holding компаниясының Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған. Компания алдағы уақытта Астанадағы YDA Industrial Park көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды.

Сонымен қатар Хусейн Арслан компанияның Ақтауда мультимодальді транзит хабын құруға қатысты жоспарымен бөлісті.

Мемлекет басшысы холдингтің Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан қызығушылығын және елімізде жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамаларын жоғары бағалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлы агроөнеркәсіп...