Екі жүзге жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

Екі жүзге жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

«Шымкент қаласы бойынша еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Жеңіс Мақұлбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, есепті кезеңді қорытындылады.

Департамент басшысының мәлімдеуінше, биылғы 7 айда 222 тексеру жүргізіліп, 162 заң бұзушылық анықталған. Анықталған заң бұзушылықтардың 140-ы орындалып, 16-сы қаралу сатысында, 6-уы сот орындаушыларының өндірісінде. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде еңбек заңнамасының талаптарын бұзған 59 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Бүгінгі күнге қала аумағындағы 13 кәсіпорында 90 жұмыскердің алдында жалпы сомасы 133,46 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек бар. Оның ішінде, 3 кәсіпорында 14 жұмыскерге 29,4 млн. теңге көлемінде ағымдағы жалақы берешегі анықталып отыр. Жалақы берешегін жою жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижесінде 170 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға  кәсіпорындардан 60,4 млн.теңге өндірілген.

– Есептік кезеңде кәсіпорындарда өндіріске қатысты 13 жазатайым оқиға тіркелді, нәтижесінде 13 жұмыскер зардап шегіп, 9 жұмыскер ауыр дене жарақатын алды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер (8 жағдай), зардап шегушінің өрескел абайсыздығы (3 жағдай), жол-көлік оқиғасы ( 2 жағдай). Бұл өз кезегінде жұмыс берушілер тарапынан жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалау тиісті дәрежеде жүргізілмейтінін және жұмыскерлердің де бұл талаптарды толық сақтамайтындығын көрсетеді, - деді Жеңіс Тілләбайұлы.

Департамент тарапынан есептік кезеңде 1 512 арыз-шағым қаралып, мерзімінде жауап берілген. Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тұрақты түрде семинар-кеңестер өткізіп келеді. Сонымен қатар, жазатайым оқиғаларға арнайы тергеп-тексеру жүргізу, жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу барысында міндетті түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Документ положил конец долговременному военному конфликту между двумя государствами и открыл дорогу к установлению дипломатических отношений и...