Кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Баян Жалмағанбетова Мемлекет басшысына аталған салаға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.
Президент 2023 жылдың желтоқсан айында арнайы Жарлықпен Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілгенін атап өтіп, омбудсмен және оның өкілдері осы құжатты тиімді жүзеге асыру ісінде негізгі институт рөлін атқаратынына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқаны үшін Баян Жалмағанбетоваға ризашылығын білдіріп, басқа өңірлер елордаға қарап бой түзейтінін, сондықтан бұл істе оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты.
Президент мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын шешу үшін әкімдікпен және министрліктермен тығыз жұмыс істеу, үкіметтік емес ұйымдарды ортақ іске жұмылдыру маңызды екеніне тоқталды.