Шымкент қаласында көшелерді орташа жөндеуден өткізу жоспарына сәйкес, бүгінде Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға сәйкес, қолданыстағы ескі жол жабынын фрезерлеу және ЩМА-дан асфальт-бетон жабынын төсеу көзделген. Аталған көшенің жол жабыны соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен болатын.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, жөнделетін нысанның ұзындығы - 1,7 шақырым. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көлік қозғалысын шектеу қажеттілігі туындап отыр. Атап айтқанда, Тәшенов көшесіне Төле би көшесінен Төреқұлов көшесіне дейін орам сайын асфальт-бетон жабыны төселеді.
Яғни, Төле би – Түркістан көшесі аралығы, Түркістан – Тәуке хан көшесі аралығы, Тәуке хан – Жылқышиев көшесі аралығы, Жылқышиев – Төреқұлов көшесі аралығы 2021 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында ішінара уақытша шектеледі
Жоспарлаған бағыттарыңызды алдын-ала түзетулеріңізді сұраймыз. Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.