Халықаралық конференцияда гендерлік теңдік орнатудағы Конституция мен Бейжің декларациясының рөлі талқыланды

Халықаралық конференцияда гендерлік теңдік орнатудағы Конституция мен Бейжің декларациясының рөлі талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық прогресс: әйелдер мен ерлердің құқығы және мүмкіндіктерінің теңдігіне тұрақты жол» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Конференция Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Конституциялық Сот аппараты, Жоғарғы Соттың Сот әкімшілігі, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының техникалық қолдауымен ұйымдастырылды.

Жиынға ғалымдар мен сарапшылар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық және Жоғарғы сот өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, гендерлік теңдік мәселелері бойынша әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар қатысты.

Конференцияда Конституцияның әйелдер мен ерлердің құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, гендерлік теңдікті орнатудағы елдің 30 жылдағы нәтижесі, сондай-ақ Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының және БҰҰ ҚК 1325 қарарын іске асыру перспективалары талқыланады.

Халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының, Еуропалық даму және Қайта Құру банкінің өкілдері Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою саласында жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.

Конференцияға қатысушылар ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне қол жеткізу бойынша жұмысты жалғастыру үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұлттық комиссия сайтында қорытынды баяндамалар жинағы әзірленіп, жарияланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...