Қаланың экономикалық әлеуетін көтере отырып, республикалық бюджетке жүктемені азайту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Осы бағытта қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, кірістер органдарымен бірлесіп қаладағы 3 мыңға жуық коммерциялық нысанның бағалау құны нарықтық құнынан бірнеше есе төмен екендігі анықталды. Сол сияқты қала базарларына, ресторан желілеріне және тойханаларға жүргізілген хронометраж жұмыстарының қорытындысына сәйкес, нақты табыс көлемдерін орташа 8 есе төмен көрсеткен.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, биыл бюджет шығыстарының көлемі 841 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 185 млрд теңгеге артты. Бюджет түсімдерінің көлемі 130 млрд теңгеге ұлғайып, 473 млрд теңгеге жетті. Қала бюджетінің дербестігі соңғы екі жылда 46 пайыздан 56 пайызға жетсе, 2026 жылы бұл көрсеткішті 72 пайызға жеткізу көзделуде.