Шымкентте 40 мектеп электрондық оқулықпен қамтылды

Шымкентте 40 мектеп электрондық оқулықпен қамтылды

Шымкент қаласындағы 40 мектепке заманауи Topiq электрондық оқулық платформасы енгізілді. Бұл бастама интернетке тұрақты қосыла алмайтын шалғай аймақтардағы білім беру мекемелерін цифрлық контентпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа жүйе оффлайн режимде жұмыс істей отырып, мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімді оқу үдерісін қалыптастыруға сеп болады.

Цифрлық оқулықтармен бірге мектептерге арнайы мобильді станциялар да тарту етілді. Аталған құрылғылар интернет желісінсіз-ақ интерактивті режимде жұмыс істеуге бейімделген. Мұғалімдер енді «Қамқор» жасанды интеллектінің көмегімен оқушылардың жеке оқу траекториясын құра алады, түрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынып, сабақты жекелеген оқушылардың қажеттілігіне қарай бейімдей алады.

2025-2026 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 397 мың оқушы мектепке барады. Білім сапасын арттыруға арналған жүйелі жұмыстар жаңа оқу жылында да жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды ...