Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегері бар. Алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.
«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы- баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар»,-деді Рашид Мамытұлы құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 18 анаға «Алтын алқа» және 72 анаға «Күміс алқа» табысталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.