Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 50, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 214, мемлекеттік мекемелер – 63, балабақшалар – 35, мектептер – 89, колледждер, лицейлер – 13, ауруханалар, емханалар – 83, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 55, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 39, ДК – 25, дүкендер – 57, сауда үйлері – 10, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 16, полиция пункті – 6, стоматология – 6, кітапхана – 3, мәдениет үйлері – 10, мұрағаттар мен мұражайлар – 3, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 14, нотариус – 1, банктер – 11, оңалту орталықтары – 2, өзге де 46 объекті қамтылды.
Осылайша, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 1-топтағы мүгедек Карима Ақжанның өтініші негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының аудандық бөлімшесіне халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулілігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылып, қазіргі уақытта ол толығымен орындалды.
«Мен «Аманат» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы нысандарды бейімдеу жөніндегі аймақтық мониторингтік топтың мүшесімін. Жұмыс тобы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда, вокзал, автовокзал, Халық банкі, ХҚО және басқа да нысандарды аралағанда, азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділік тұрғысынан оң өзгерістерді байқадым. Нысандар мүгедектер арбасына таңылған жандарға, көру қабілеті және есту қабілеті нашар азаматтарға, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген. Кіреберіс толығымен қайта жаңартылып, пандустардың параметрлері стандарттарға сәйкес жасалған, перронға ыңғайлы шығу үшін теміржол вокзалында лифттер орнатылып, барлық нысандарда дәретханалар жабдықталды – Брайль жазуы бар белгілер, ілгектер, тұтқалар, тактильді бағыттаушы жолақтар және т.б.
Солтүстік Қазақстан облысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментімен бақылау тиісті деңгейде жүргізілуде. Мен өз басым мүгедектерге қолжетімділікке қатысты мәселелер бойынша бөлім мамандарына үнемі хабарласып тұрамын, олар менің кез келген сұрақтарыма оң нәтиже беретін толық әрі жан-жақты жауап береді», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Эрман, 1-топтағы мүгедек.