Шымкент: отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модель енгізілді

Шымкент: отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модель енгізілді

Қазақстанда әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауда отбасылардың тұрмыстық деңгейін анықтау мақсатында жаңа жүйе қолға алынды. Қазіргі таңда Шымкент және Қарағанды өңірінде пилоттық жоба ретінде отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтаудың балдық үлгісі енгізіліп отыр. Бұл бастама білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және спорт салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мұқтаж жандарды тиімді қолдауға мүмкіндік бермек.

Жобаның құқықтық негізі 2020 жылғы 22 мамырда қабылданған ҚР ҒЖБМ, ҚР ОМ, ҚР ТСМ, ҚР ӨҚМ, ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ЕХӘҚМ-нің бірлескен бұйрығымен бекітілген. Пилоттық жоба Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында іске асырылуда. Отбасының әл-ауқат деңгейі 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық критерий бойынша бағаланады. Бұл ретте табыс, жылжымайтын мүлік пен көлік саны, несиелік міндеттемелер сияқты материалдық көрсеткіштермен қатар, денсаулық жағдайы, мүгедектік, білім деңгейі секілді материалдық емес факторлар да ескеріледі.

Жаңа үлгі бойынша отбасылар 6 санатқа бөлінеді: аса қажеттіліктен бастап (азық-түлікке қаражат жетіспейтіндер) қаржылық қиындықтары жоқ отбасыларға дейін. Шешім отбасылардың цифрлық картасы арқылы жинақталған объективті деректерге сүйеніп, автоматты түрде қабылданады. Егер отбасында 2 және одан көп тұрғын үйі, бірнеше көлік құралы, тіркелген заңды тұлғасы болса және жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төрт еседен асса, мұндай отбасылар әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалады. Ал 1-5 санатқа жататын отбасыларға қолдау автоматты түрде көрсетіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ел жұртшылығының назарын балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесіне аудару мақсатында түрлі профилактикалық акция өткізіліп жатыр. Мәселен,...