Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді

Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының (ТУКИБ) басшылығымен және мүшелерімен кездесу өткізді. Онда бизнесті жүргізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ одан арғы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Роман Скляр Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық басымдыққа ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Түркия – Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі, ал түрік инвестициялары технологиялар трансфертіне, өнеркәсіптің дамуына және жұмыс орындарының ашылуына зор ықпал етуде.

Өз кезегінде ТУКИБ Басқарма кеңесінің төрағасы Аббас Шахин қауымдастық Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан аумағында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларды қолдауға белсенді түрде үлес қоса беретінін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша конструктивті диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыра беруге дайын екендерін білдірді.

Анықтама үшін:

Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығы (ТУКИБ) 2016 жылы құрылған және екі елдің ірі компанияларын біріктіреді. Олардың қатарында: Alarko Holding, Anadolu Group (Efes Kazakhstan, Coca Cola), Aksa Energy, Borusan Kazakhstan, Esan Kazakhstan (Eczacıbaşı Holding), Turkish Airlines, YDA Holding, TAV Kazakhstan, Corex Holding және басқалар бар. Қауымдастық Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға және инвестициялық климатты жақсартуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды, деп хабарлайды ...

Басқосуға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори, БАӘ Жоғарғы федералдық сотының төрағасы Мұхаммед Хамад Мұхаммед әл Бади әл Захри,...

2025 жылғы 1 қыркүйек - 10 қазан аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының (ТУКИБ) басшылығымен және мүшелерімен...