Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн дана тауық жұмыртқасы (+1,2%) өндірілді.
Мал басы: ірі қара – 8,6 млн (+0,2%), жылқы – 4,5 млн (+6,3%), түйе – 299,8 мың (+4%), құс – 46,9 млн (+2,8%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде де айтарлықтай өсім тіркелді: қант – +24% (99,2-ден 122,8 мың тоннаға дейін), ет консервілері – +29,7% (4,5-тен 5,8 мың тоннаға дейін), өсімдік майы – +27% (468,5-тен 595,0 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – +8,8% (47,1-ден 51,2 мың тоннаға дейін), сары май – +15% (21,9-дан 25,2 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері – +6,4% (161,2-ден 171,5 мың тоннаға дейін).

Жалпы, 8 айда тамақ өнімдері өндірісі 10,1%-ға (2 476,7 млрд теңге), ал сусындар өндірісі 7,1%-ға (813,1 млрд теңге) артты.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділік те өсіп келеді. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялар 516,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артты. Тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар – 119,2 млрд теңге (+42,8%).

Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң динамика көрсетіп отыр. Бұл өндіріс пен инвестиция көлемінің ұлғаюынан, сондай-ақ қайта өңделген өнім өндірісінің артуынан айқын көрінеді. Мұның бәрі елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспорттық әлеуетін кеңейтуге алғышарттар жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сәтбаев университетінде Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың...