TOUR DE SARAYSHYQ — 2025: 125 әуесқой спортшы 80 шақырымды велосипедпен жүріп өтті

TOUR DE SARAYSHYQ — 2025: 125 әуесқой спортшы 80 шақырымды велосипедпен жүріп өтті

Атырауда өткен тарихи велошеру аясында 125 әуесқой спортшы 80 шақырымдық қашықтықты жүріп өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Атырау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Шеру ортағасырлық Сарайшық қалашығынан басталып, Атырау қаласының басты көшелері мен көрнекті нысандары арқылы өтіп, соңғы нүктесі “Infinity Mall” сауда-ойын-сауық орталығының алды болды.

Жарысқа қала тұрғындарымен қатар еліміздің әр өңірінен келген спортшылар және шетелдік қатысушылар қосылды. Қатысушылардың жасы 14 пен 65 аралығын қамтыды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысында дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды....