Өндіріс пен ғылымды дамыту: Қазақстанда су саласының импортқа тәуелділігін азайту жөніндегі жол картасы әзірленді

Өндіріс пен ғылымды дамыту: Қазақстанда су саласының импортқа тәуелділігін азайту жөніндегі жол картасы әзірленді

Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жөніндегі жол картасын әзірледі, деп хабарлайды No-comment.kz - Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат импортқа тәуелділікті азайту, су есептеу құралдарының отандық өндірісін дамыту, гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру, цифрлық технологияларды енгізу және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған 13 іс-шараны қамтиды.

Жол картасында сондай-ақ су саласына технологиялық аудит жүргізу, отандық ғылыми әзірлемелердің тізімін жасау, жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу және отандық технологияларды өндіріске енгізу тетіктерін дамыту қарастырылған.

«Қазіргі уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ең озық қолданыстағы технологиялардың тізімін әзірледі. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолданатын суару жүйелерін өндіретін отандық зауыттардың саны соңғы екі жылда төрттен жетіге дейін өсті. Бұдан бөлек, ведомство жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметін қолдайды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысында нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай келген жалпы көлемі 7 260 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп...

Түркістан қаласында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерлікті дамыту жергілікті экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік...

Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті өнеркәсіптің маңызды...

Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу...