Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары «Зеренді сақтау өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен танысудан басталды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Президентке биыл облыстағы егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені жөнінде баяндалды.
Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ. Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары.