Президенттің тапсырмаларын орындау: Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

Президенттің тапсырмаларын орындау: Үкіметте туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында туризмді дамыту жөніндегі жұмыстар қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында туризм мәселелері және туристік аймақтардың жағдайы бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар елдің негізгі туристік дестинацияларына жасалған іс сапарлардың нәтижелері ұсынылды.

Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтіп, инфрақұрылымды дамыту мен туристік нысандардағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жазғы маусымға курорттық аймақтарды даярлауға баса назар аударылды.

«Туризмді дамыту – бұл тек қана экономикалық үлес емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың, инвестициялық тартымдылығын арттырудың және өңірлерді дамытудың маңызды факторы. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заманауи инфрақұрылым салумен қатар, әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін жоғары сервис стандарттарын қалыптастыру қажет», – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Үкімет туризмді ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырады. Маңызды шарт ретінде шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы, сондай-ақ отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсету ісіне халықтың кең ауқымын тарту қажеттілігі аталды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға курорттық аймақтардың абаттандыру стандарттарын және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдік қонақтар үшін паспорттық бақылау рәсімдерін жеңілдету, сұранысқа ие әуе бағыттарына халықаралық лоукостерлерді тарту, сондай-ақ туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар басқа да шаралар жүзеге асыру тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Қазақ даласында әлемдегі ең негізгі діндер мен конфессиялардың барлығы дерлік тараған және бір-бірімен жарасым тапқан. Біз қазіргі Қазақстанда да осы игі дәстүрді...

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына...

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына...