Қала әкімі департаменттің атқарып отырған жұмыстарымен танысты

Қала әкімі департаменттің атқарып отырған жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйым – Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атқарып отырған жұмыстарымен танысты.

Қала басшысы білім сапасының жоғары болуы ең негізгі міндет екенін ашып айтты. Қаламыздың мегаполис ретінде қалыптасуы білім көрсеткіштерімен тікелей байланысты екенін айта отырып, осы салада қызмет атқаратын ұйымдардың жұмыс нәтижесі педагог кадрлардың кәсіби тұрғыда білікті маман болып танылуымен, оқушылардың білім деңгейінің жоғары болуымен өлшенеді деп атап көрсетті.  

Департамент басшысы Нұргүл Шамшиева берген мәліметке сәйкес, мекеме төрт негізгі бағыт бойынша қызмет атқарады: білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу, педагогтардың және балалардың құқықтарын қорғау, білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және лицензияға қосымша беру, білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Департамент қызметі білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету функциясымен толығып, бақылау жүргізу міндеті 51 параметрлік көрсеткіштен 31 параметрге дейін төмендеген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...