Шымкент қаласы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы саны 71 көше, яғни 49,8 шақырым жол белгіленген.
Атап айтқанда:
Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым жол, 20 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзақ, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай ақын, а/ж №5, а/ж №9, Ардагерлер, а/ж №6, а/ж №7, Мендешов, Молшылық, Байқара, Ізен, Ырыс, а/ж №6, а/ж №2 Құлагер, Ақсұнқар, Ақсауыт, Саяхат, а/ж №10, Мұңайтпасов №1, Мұңайтпасов №2, Аққанат көшелері кіреді.
Аталған жұмыстардың мердігері "Отау Строй" және "Алем Транс Жол " ЖШС, ал техникалық жобалаушы "Pride group" және "Банур-1" ЖШС бекітілген.
Қазіргі уақытта 75%-ға жуық жұмыстар атқарылған.
Абай ауданы бойынша 9,1 шқ жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Баққараев, Арынқожа, Ахметов, Алтынбекұлы, Оралбайұлы, №1 өткел көшелері, Ауезов, Бақбаев, Алпысбаев, Саттарханов, Бейбітшілік, №1, №2, №3, №4, Орталық, Агропром көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС "Шымкент Дор Строй", ал техникалық жобалаушы ЖШС "Жобақұрылыс орталығы" бекітілген. Қазіргі уақытта 80%-ға жуық жұмыстар атқарылған.
Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шқ жол, 17 көше күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Оған Замана,Ғажайып №1, Ғажайып №2, Шамшырақ,Несібе, Несібе №1, Несібе №2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық, Үшқұдық №1, Үшқұдық №2, Керемет, Еламан көшелері кіреді. Аталған жұмыстардың мердігері ЖШС "Корпорация Береке -А", ал техникалық жобалаушы ЖШС "Мир-Строй и Компания" бекітілген. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданы бойынша жұмыстар толығымен 100% атқарылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.