Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 42 көшеге жарықшамдар орнатылды

Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 42 көшеге жарықшамдар орнатылды

Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қаматамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған.

Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін осы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС тарапынан 42 көшеге жарықшамдар орнатылды.

Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2021-2023 жыл аралығында 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтсақ, Абай ауданында 86 көше, Әл-Фараби ауданы 45 көше, Еңбекші ауданы 92 көше, Қаратау ауданы 101 көшеге жарықшамдар қойылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...