9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Республика даңғылы бойында асфальт төселіп, жаяу жүргінші, веложол және арық, құбыр өткізу жұмыстары атқарылуда. Жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС.

Сонымен қатар, 2021 жылы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Рысқұлов («Шымкент Дор Строй» ЖШС), Момышұлы («Омар-Транс» ЖШС), Тәшенов («Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС) көшесінде орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Бұдан бөлек Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан, Клара Цеткин магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС тарапынан аяқжол және веложолақ салу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...