Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Әл-Фараби ауданы аумағында жылыту маусымына дайындық шаралары жалғасуда. Осы орайда аудан әкімі Рашид Мыңбаев Байтұрсынов, Әбдіразақов,Төле би, Иляев, Жангелдин көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге барып, тұрғындармен тілдесті. Кездесу барысында күн суытып, тұрғындардың төтенше жағдайларға тап болмауы үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім- шарт жасалды. Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 615 жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй тіркелген. Оның 298-і жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...