Мазарат аумағы қоқыстан тазартылуда

Мазарат аумағы қоқыстан тазартылуда

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданында орналасқан мұсылман бейітіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында бейіт аумағы күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді.

Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында 5 мазарат бар. Олар Текесу, Ақтас және Ақтас 2 тұрғын алаптарында, 275 орамда және Сәуле шағынауданында орналасқан. Барлық мазараттарды күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы жауапты. Аталған мазараттарда тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Қаланың бет-бейнесі – тазалықта. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға, үй аулаларында тазалық сақтауға шақырамыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...