Әл-Фараби көшесі жалғасы құрылысының 80 пайыз жұмыстары аяқталды

Әл-Фараби көшесі жалғасы құрылысының 80 пайыз жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы (А-2 жолынан М-32 жолындағы жолайрыққа дейін) қарқынды жүргізілуде.

Көшенің жалпы ұзындығы – 7,6 шақырым, ені – 43 метр. Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы құрылыс жұмыстарыныңң 80 % -ы орындалды.

Көше бойында 6,35 метрлі жолақты бөліп тұратын жасыл аймақ, арық, 3 метрлік жаяу жүргінші жолы, 4,5 метрлік жолдың екі жағынан жасыл аймақ қарастырылған.

Әл-Фараби көшесі Темірлан тас жолындағы көлік тығынын азайту үшін баламалы жол болып есептеледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...