Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдары "Ashyq" жобасына қосылды.

Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдары "Ashyq" жобасына қосылды.

Еліміздегі COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, Шымкент қаласындағы 785 білім беру ұйымдарының педагогтары100% вакциналаудан өтті. 106.0 млн тг-ге санитарлық гигиеналық жабдықтар алынды.

Білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вакциналаудан өту қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, барлық мемлекеттік білім мекемелеріне бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі арқылы кіріп-шығу жүзеге асырылды. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100%-ы QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істеуге дайын.

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алу тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін QR-кодын сканерлеу қажет. Экранда статус көк, жасыл, қызыл немесе сары көрінеді, деп хабарлайды no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...