Редактор «Nur Otan»: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мыңнан астам адам жүгінген «Nur Otan»: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мыңнан астам адам жүгінген Ел тұрғындары «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларға 103,5 мың азамат өтініш білдіріп, партия мүшесі болып табылатын мемлекеттік органдардың басшылары 19,8 мың қабылдау өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны Р.Розиев партияға Тұрдыабад тұрғын алабында жолдың жоқтығына шағымданды. «Nur Otan» партиясының Еңбекші аудандық филиалы бұл шағымды жедел назарға алып, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар қысқа мерзім ішінде жалпы ұзындығы 2,9 км болатын жолға асфальт төседі. Партия алаңында онлайн форматта өткен қабылдау барысында Алматы қаласының тұрғыны Е.Әділбеков Ақжар шағын ауданындағы Лашын және Берел көшелеріне инженерлік желілер жүргізу мәселесін көтерді. Қала әкімдігінің өкілдері аталған көшелерге сумен жабдықтау желілері биыл салынып, ал су бұру желілерінің құрылысы келесі жылдың жобасына енгізілетінін айтып сендірді. Сондай-ақ, Алматы қаласында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдаған нұротандықтар 3 топтағы мүгедек, жалғызбасты ана Р.Мырзалиеваға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Жалғызбасты ананың тұрып жатқан жатақханасында ылғалдың салдарынан қабырғалары көгеріп, ыза тартқан. Оның баспанасына партия мүшелерінің көмегімен 1 млн теңгеден астам қаражатқа электр монтаждау және әрлеу жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысы Б.Майлин ауданындағы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Әйет ауылының тұрғындары 10 жылдан астам асфальт төселмеген Омаров көшесін абаттандыру мәселесін алға тартты. Партия мүшелерінің араласуынан кейін ауылдағы аталған көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысының Балқаш қаласында бағбандық және саяжай қоғамының 45 мүшесі желідегі апат салдарынан үзіліп қалған электр энергиясын қосуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Нәтижесінде осы жылдың 27 шілдесінде коммуналдық кәсіпорын электр беру желілеріндегі апатты жою бойынша барлық шараларды қабылдап, бағбандық және саяжай қоғамы электр желісіне қосылды. Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты. Бүгінде 103,5 мың өтініштің 43%-ы жедел шешіліп, 54%-ы бойынша консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді, қалған 3%-ы орындалу үстінде. Алдыңғы жаңалық «Nur Otan» партиясының Жол картасын іске асыру Үкіметтің ерекше бақылауында - Асқар Мамин Келесі жаңалық «Caravan of Knowledge» ұжымдық қоры STEAM SARVARLAR cтелласын табыстады. Көп оқылғандар Уақыт келді! Ақшаның бетіне қараңыз, Әйтенов мырза! 40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды Play «Мен тасада қала бастадым»: Димаш Құдайбергеннің продюсері ретінде танылған Алпамыс қазір қайда жүр? Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп...
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумына қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының...
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Министр Индустриалды аймақтағы Kia...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...
Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды 2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30...
Ұлттық репродуктивті денсаулық апталығы: жастар үшін маңызды бастама 13–19 мамыр аралығында Қазақстанда дәстүрлі Ұлттық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Бұл апталық – қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі – жас...