Әл-Фараби ауданында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде

фото ашық дереккөзден

Әл-Фараби ауданында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде

Әл-Фараби ауданының көшелерінде жол белгілерін жауып қалған және электр желілеріне тиіп тұрған талдардың бұтақтары кесілді. Аталған жұмыстар Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының нұсқамасына сәйкес атқарылуда.

Сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары ауданның көпқабатты үйлерінің ауласында да жүргізілуде.Себебі ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін.

Аудан аумағындағы аулалардағы ағаштарды ретке келтіру және кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында геологиялық барлауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...