Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

– Оқушыларды, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқытылады. Балабақшаларда 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылады, – деді министр.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекция шаралары өткізіледі.

– 1-қыркүйекте болатын Білім күні салтанатты іс-шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін өткізіледі. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулық "Әліппе" табысталатын болады. Ал, 2 мен 11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады.

Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайларына байланысты мектепке классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етіледі, – деді білім министрі.

Сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Студенттер, педагогтер мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа "Ashyq" жүйесі арқылы кіргізіледі.

Айта кетейік бүгінде еліміздің 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам оқушы, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқиды деп күтілуде, деп хабарлайды no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...