Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-кезеңі Терешкова көшесінен Бөгет кешесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын аралау барысында осында арнайы келді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -гіне жүктелген.
Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалды.
Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қала әкімі маңызды құрылыс нысандарын тұрғындарға дұрыс түсіндіре отырып, екі жақты келесіммен үйлерді мұқтаждыққа алу керектігін айтты.