Шымкентте мектептер жаңа оқу жылына дайындалуда

Шымкентте мектептер жаңа оқу жылына дайындалуда

Шымкент қалалсы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы мектептердің жаңа оқу маусымына дайындығын тексеру мақсатында арнайы аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аралау барысында білім ордасындағы бастауыш сыныптардың дайындығы, санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді.

Аудан басшысы барлық карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, білім беру процесінің сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымындағы дене шынықтыру алаңы мен мектептің кіре берісіндегі әрлеу жұмыстарына баса назар аударып, тазалық мәселелеріне басымдылық беруді тиісті сала басшыларына жүктеді.

Айта кетейік, бүгінде аудан аумағындағы 40-қа жуық мектеп жаңа оқу маусымына дайындалуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына...

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...