Біздің ең үлкен жетістігіміз ол – ата-бабаларымыздың аңсаған асыл арманы Тәуелсіздік. Сол асқақ арманға қол жетті. Кешегі қазақ жастарының өршіл мінезін танытқан Желтоқсан көтерілісі де жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды. Биылғы жылы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елі бұл күндері төрткүл дүниеге танымал. Мемлекетіміз ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар, іргелі бағдарламалар қабылдап солардың бәрін сәтті жүзеге асырып келеді. Алдағы мақсат – Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету. Осы жолда абыройлы белестен көріне білейік. Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет, егемен ел ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін Тәуелсіздіктің орны ерекше. Мінеки, ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 30 жылдың жүзі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан Респбуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі зор.
Осындай жетістіктердің арқасында Шымкент қаласы мегаполис атанып, республикалық маңызы бар қалаға айналды. Тәуелсіздіктің жетістігі ретінде қала халқы 1 млн.нан асты. Оның ішінде Абай ауданының тұрғындары 322 мыңға жуықтады. Ауданда әлеуметтік нысандар оның ішінде мектептер саны 36-ға жетіп, балабақшалар саны 29-ға жетті.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы 1034 шақырымды құрайтын 1025 көше бар. Атап айтқанда, магистралды - 28 көше (145,4 шақырым), ішкі орамдық - 997 көше (889,3 шақырым). Оның ішінде: асфальт жол - 651 (63,4%) 659,6 шақырым (63,8%); көбейіп, тас жол - 277 көше (27,1%); 329,9 шақырым (31,9%) азайды.
Абай ауданы аумағында жалпы, 3 553 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Оның ішінде «СКАТ» әуе компаниясы, «Зерде-Фарма», «Голд Алюминиум», «Электрокомплект-1», сияқты ірі кәсіпорындар бар.
Өткен жылы жалпы аудан кәсіпкерлерінен жергілікті бюджетке салықтан 4,2 млрд. теңгеге түсім түскен. 2020 жылғы жоспар бойынша Абай ауданы бойынша 68 кәсіпкерлік нысанға 4,1 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, жұмыспен қамтылғандар саны 449 адамды құрады. Ал 2021 жылға 12 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Ал ауыл шаруашылық саласына тоқталып өтсем, ауданның жалпы ауыл шаруашылығы жер көлемі 26 мың гектардан асады. Өткен жылы төрт түлік мал (жылқы, қой, ірі қара) саны 2019 жылмен салыстырғанда 44% пайызға артқан. 2020 жылға жеке инвестицияға 197 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінген, оның ішінде, лизингке сатып алынған ауыл шаруашылық техникасын 2,1 млн. теңгеге субсидия алды. Алма бағына 15,9 млн. тенге, қоймалар салуға 178,8 млн. теңге, мал сатып алуға, техника және технологиялық жабдық сатып алуға 809 мың. теңге алды.
Cонымен қатар, Абай ауданы бойынша “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау “ бағдарламасымен 344 млн. теңге субсидия алған, оның ішінде, қой шаруашылығына 84 млн. теңге, ірі қара малға 75 млн. теңге, бал ара шаруашылығына 13,8 млн. теңге, тауық еті мен жұмыртқа өндірісіне 154 млн. теңге ұлғайып отыр. Бұл көрсеткішті жылдан жылға арттырудамыз. Мұның бәрі аудан экономикасын көтермесе, әлсіретпейтін факторлар, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.