Коммуналдық инфрақұрылым

Коммуналдық инфрақұрылым

Өздеріңізге мәлім 2014 жылы Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 10 елді мекен (халық саны - 37 674) қосылып, аталған елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуде тиісті жұмыстар атқарылуда. Ол мекендердің инфрақұрылым мәселелері 2014 жылдан бері шешімін таппай келген. Ауыз су мәселесі бойынша атап айтқанда 10 елді мекеннің 3-еуі Ақжар, Айкөл, Алтынтөбе тұрғын алаптары сапалы ауыз сумен қамтылған.
Өткен жылы аталған елді мекендердің мәселелерін шешу бағытында қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының ықпал етуімен бюджет есебінен қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді. 5 елді мекенді яғни, Жаңаталап, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік және Көкбұлақ тұрғын алаптарын сапалы ауыз су жүйесімен қамту мақсатында қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Ақтас тұрғын алабын ауыз сумен қамту мақсатында ағымдағы жылы бюджеттен 666 млн.тг. қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Ал Ақтас тұрғын алабы мен Арғымақ шағын ауданын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 234,7 млн.теңге бөлініп, 358 тұрғын үй электр жарығымен қамтылды. Сонымен қатар, өткен жылы ауданға қосылған 5 елді мекеннің ЖСҚ-н дайындауға 118,3 млн. теңге бөлініп, жобалар толығымен әзірленді. Биыл Жаңаталап, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл және Айкөл тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту үшін қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Табиғи газ жүйесімен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданға қосылған Алтынтөбе тұрғын алабы газдандыру жұмыстарына 106,2 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарына 2021 жылы аяқталу жоспарланған, нәтижесінде 1231 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Өткен жылы 4 елді мекеннің (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ,) жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Биыл аталған жобалардың құрылыс жұмыстарына 1,2 млрд.тг қаржы қарастыру жоспарда. Одан бөлек, Көкбұлақ елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінде жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуге ұсыныс берілген, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...