Коронавирус пандемиясының таралуын алдын-алу мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында құрылған мобильді топ мүшелері бүгін түнгі рейд жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізді.
Аудан әкімінің орынбасары Марат Тажибаев бастаған бақылау тобы аудан орталығындағы бар, кафелер, сауналар, қонақүйлер, ойынханалар т.с.с. кәсіптік нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, мобильді топтың құрамында әкімдік қызметкерлері, полиция қызметкерлері және еріктілер бар, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.