Ж.Мамайдың соты қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға жасалған елеулі қадам. Аталған сот процессіне қатысты пікір білдірген заңгер Айжан Ташенова осылай деді.
«Осы процестің арқасында Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздерін өздері әшкереледі. Көпшілік олардың шынайы бет-бейнесін көрді. Яғни, «маскалары шешілді». Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның жалған, өнегесіз және ешқандай принципсіз болмысы ашылды. Саяси амбициясы бар адам үшін бұл өзін-өзі өлтірумен тепе-тең деп ойлаймын. Енді Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның кім екенін барлығы білетін болады. Жария түрде жала жапқаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құқықтық прецедент жасалды. Кінәлілер өздерінің заңсыз әрекеттері үшін лайықты жазаға тартылды. Жалаң ұранды жамылып, басқаларды негізсіз кінәлауға ешкімге де жол берілмейді», - деп жазды заңгер.
Оның сөзінше, «жаңа медианың» ықпалы жеке адам немесе оның отбасы құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және қорлайтын жала жабуға тап болуы мүмкін.
«Еліміздегі әрбір адам өзінің әлеуметтік мәртебесі мен жағдайына, саяси көзқарастары мен орныққан пікіріне қарамастан, сотта өзінің адалдығы мен абройын заңды түрде қорғай алатынына сенімді бола алады! Бұл процесс – қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға жасалған елеулі қадам. Бұл кез-келген демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізгі және бұлжымас құндылықтары мен принциптері», - деп қосты ол.
Бұған қоса, заңгер аталған сот шешімінің толық орындалуына міндетті түрде қол жеткізетін жасырмады. Сот шешімі 16 тамызда күшіне енді. Егер белгіленген уақыт ішінде Ж.Мамай мен И.Иманбаева шешімді орындаудан жалтарса, заңгер шешімді мәжбүрлеп орындату бойынша шараларды талап етуді жоспарлап отыр.
«Құрметті достар! Мен сіздердің жолдарыңызда Мамай сияқтылардың кездеспегенін қалар едім! Ал егер сіз жала жабу мен жалған айыптауларға тап болсаңыз, онда ешқандай жағдайда мұндай адамдардың әрекетіне жол беріп, жазасыз қалдыруға болмайды», - деп түйіндеді сөзін Айжан Ташенова.
Еске сала кетейік, жауапкерлер сот шешімін орындамаған жағдайда мүлікке тыйым салу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті алып қою, борышты өтеу үшін мүлікті өткізу, өз мүлкіне қатысты іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, шетелге шығуға шектеу қою және т.б. нақты шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, төлем мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін мемлекет кірісіне 2 АЕК мөлшерінде өсімпұл бар қарастырылған. Бұдан басқа, сот шешімін 6 айдан астам орындамау қылмыстық жауапкершілікке: 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бостандығынан айыруға алып келеді.