Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тамырын тереңге жайған мәуелі ағаштар мен жайқалған гүлдерге айрықша көңіл бөлініп отыр. Бүгінде аудан әкімдігінің жауапты мамандары аудандағы жасыл-желектердің жағдайын жіті тексеруді қолға алды.
Қазіргі кезде ауданға қарасты көше бойларындағы ағаштарды пішімдеп кесу жұмыстары жүргізілуде. Жайқалған гүлдерді арамшөптерден тазалап, түбін босату, суғару жұмыстары да қатар атқарылуда.
Сондай-ақ, аудан әкімі Рашид Мыңбаев жасыл-желектерді күтіп-ұстауға жауапты «Build stroi» және «Назар» ЖШС мекемелеріне дарақтар мен гүлдерге дұрыс күтім жасауды тапсырды.
Басты және ішкі орамдық көшелердегі газондарды қырқу, шөп ору жұмыстары да назардан тыс қалмайды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.