Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын. Қаланың маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарып жатыр. Техникалық қадағалаушы - «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы.

Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 2,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5см болады.

Жөндеу жұмыстары толығымен қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...

Премьер-министр Олжас Бектенов химия және металлургия салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған ірі өнеркәсіп...