Шымкент қаласы төтенше жағдайда халықты құлақтандыру құрылғылармен жабдықтауда республикада екінші орында

Шымкент қаласы төтенше жағдайда халықты құлақтандыру құрылғылармен жабдықтауда республикада екінші орында

Бұл жөнінде бүгін қала әкіміне бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар жайын баяндаған Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы М.Жақсыбаев мәлім етті.

«Азаматтарды уақтылы хабардар ету, бейбіт уақытта халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету шарттарының бірі болып табылады. Қала халқын құлақтандыру жүйесін бүгінгі күні 141 құрылғы қамтамасыз етеді, оның ішінде 56 С-40 электросиренасы және 85 заманауи сиреналық-сөйлеу құрылғылары. Әкімдіктің қолдауының арқасында соңғы 5 жылда қаланың аумақтық құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру үшін жалпы сомасы 442,1 млн теңгеге жабдық сатып алынды. Осылайша, сиреналармен және сиреналық-сөйлеу құрылғыларымен жабдықтауда Шымкент қаласы республика бойынша екінші орында тұр, шамамен қамту 83 пайызды құрайды»,-деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, ол ескірген жабдықтармен жарақтандыру 40 пайызды құрайтынын жеткізді.

Баршаның назарына! Бұл төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін сиреналар немесе басқа да дабыл құралдары арқылы берілетін бірыңғай хабарлау сигналы, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...

Инвестициялық жобалар – жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі әрі халықты жұмыспен қамтудың драйвері. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін...